Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес: Академияның жаңа бастамалары
Пятница, 20 июня 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында кешенді және жүйелі жұмыстар жалғасуда. Азаматтардың құқықтық сауатын арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында полицияның шұғыл желісі мен сенім телефоны көрсетілген арнайы ақпараттық жадынамалар оқу ғимараттары мен әкімшілік корпустарға орналастырылды. Сонымен қатар, бүгін Академия курсанттары Қарағанды қаласының Орталық саябағында қала тұрғындарына осы жадынамаларды таратып, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бастама қоғаммен ашық әрі сенімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған нақты қадам болып табылады.