Түрлі ведомстволардың жұмыс істейтін қызметкерлері үшін дәріс және практикалық сабақтар өткізді
Сенбі, 29 Сәуір 2023
17 сәуірден бастап ІІМ Қарағанды академиясының қабырғасында біліктілікті арттыру курстары аясында қылмыстық процесс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетімен бірлесіп әр түрлі ведомстволардың жұмыс істейтін қызметкерлері үшін дәріс және практикалық сабақтар өткізді.
Біліктілікті арттырудың басты міндеті жоғары білікті құзыретті қызметкерлерді даярлау болып табылады.
Сабақ барысында полиция қызметкерлері жаңа теориялық білім алып, кәсіби өсу мақсатында практикалық білім мен дағдыларға ие болды.
Оқу нәтижелері бойынша курстардан өткені туралы сертификат беріледі.