Тәжікстан делегациясы академияның қызметімен танысты
Сенбі, 28 Мамыр 2022
ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына заңсыз көші-қон мен адам саудасына қарсы күрес жөніндегі мамандарды даярлау орталығының қызметімен танысу мақсатында Тәжікстан Республикасының делегациясы келді.
Ұйымдастырушы БҰҰ агенттігінің көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы болып табылады. Шетелдік делегацияны Тәжікстан Республикасы ІІМ-нің полиция полковнигі Шарифзода Фаридун басқарды.
Тәжікстан делегациясы академияның қызметімен танысты, мұражайға, кітапханаға сондай-ақ еңбек және жыныстық эксплуатацияны тексеру бойынша симуляциялық тренингке қатысты.
Академия бастығы полиция генерал-майоры А.Д. Дәрменовпен кездесуде адам саудасына қарсы іс-қимыл мамандарын даярлау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Соңында екі ІІМ Академиясының ғылыми еңбектерімен алмасу және елдеріміздің полиция қызметкерлері үшін бірлескен тренингтерде келісімге қол жеткізілді.