Талапкерлерді оқуға қабылдау жөніндегі мандаттық комиссиясының қорытындысын шығару өтті
Сейсенбі, 2 Тамыз 2022
ІІМ Қарағанды академиясында шілде айының көп күткен оқиғаларының бірі – 2022 жылғы талапкерлерді оқуға қабылдау жөніндегі мандаттық комиссиясының қорытындысын шығару өтті.
Соңғы 10 күн іріктеуге қатысушылар үшін жауапты күндер болды. Біреулерінің жолы болды, ал енді біреулерінікі болмады, біреулері тас түйін дайындықпен келді, біраз күш жұмсады, ал кейбіреулері, өкінішке орай, сынақтардан өте алмады.
Бірнеше күн бойы мандаттық комиссия талапкерлерді конкурстық іріктеу нәтижелерін зерттеп, балалардың біліктілік кезеңдерін өтуіне объективті баға берді, содан кейін академияға қабылданғандардың тізімі құрылды. Қорытындыларды жариялау комиссия мүшелерінің, академия басшылығының қатысуымен өтті.
Жас курсанттарды алдыда жас жауынгер курсынан өту – академиядағы курсанттық өмірге міндетті дайындық және бейімделу кезеңі күтіп тұр.
Конкурстық іріктеуден сәтті өткен барлық талапкерлерді құттықтаймыз! Алдағы оқуларыңызға сәттілік тілейміз!
Биыл академияға түспеген талапкерлер үмітін үзбей, келесі жылы бақ сынап көрулеріңізге болады. Сондай-ақ, еліміздің басқа да жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндігіңіз бар екенін ұмытпаңыздар.