Теміртау қаласында Қарағанды академиясының бастығы пен кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушылары арасында дәстүрлі кездесу өтті
Жұма, 29 Сәуір 2022
28 сәуірде Теміртау қаласында Қарағанды академиясының бастығы, полиция генерал-майоры Ақынқали Дәрменов пен кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінің тыңдаушылары арасында дәстүрлі кездесу өтті. Іс-шараға Академия бастығының орынбасарлары мен факультет бастығы Дулат Әбеуов те қатысты.
Факультет тыңдаушылары – Теміртау қаласына алғашқы кәсіби даярлықтан өту үшін келген жоғары білімді болашақ офицерлер. «Біз қазірдің өзінде әріптеспіз, көп ұзамай сіздерде полиция қызметкері атанасыздар. Бүгін мен жұмыс сапарымен сіздердің мәселелеріңізді талқылау үшін келдім. Егер қандай да бір мәселелер, ұсыныстар болса, осы жерде және қазір талқылайық» деп атап өтті генерал.
Тыңдаушылар ішкі істер органдарындағы алдағы жұмыстарға, министрлік жүргізіп жатқан реформаларға, соның ішінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты қызықты сұрақтар қойды. Тыңдаушылар оқу үдерісін жақсы ұйымдастырғаны, тұрмыстық жағдайын жақсартқаны үшін басшылыққа алғыстарын білдірді.
Генерал Дәрменов өз кезегінде жас буын тергеушілер мен криминалисттерге маңызды нұсқау берді: «Тәжірибелік жұмысқа кіріскен кезде полиция қызметінің бар ауыртпалықтарын сезінесіздер. Тіпті кітап оқуға уақыт табу қиын болады. Сондықтан, әріптестер, дәл қазір әрі қарай кәсіби және білім деңгейлеріңізді арттыруға ұмтылыңыздар».
Тыңдаушылармен сұхбаттасқаннан кейін Академия бастығы аумақты, жатақханаларды тазалық пен тұрмысқа қолайлылықты тексерді. Генерал да «Өз талыңды ек» акциясына қатысып, факультет аумағына шырша отырғызды.
Жұмыс сапары әкім аппаратына іс-сапарға барумен аяқталды. Теміртау қаласының әкімі Қайрат Бегімов пен Қарағанды академиясының бастығы өзара іс-қимыл, тыңдаушылардың тұрмыстық жағдайын жақсарту, факультет аумағын абаттандыру мәселелерін талқылады. Қала әкімінің қолдауымен осы мәселелердің көп түйіні шешілуде, ол үшін Қайрат Баяндыұлына алғысымыз шексіз.