Тергеу департаментінің бастығы Санжар Адилов «Қылмыстық іс жүргізу» заңнамасына енгізілген өзгерістер
Сенбі, 25 Наурыз 2023
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Адилов «Қылмыстық іс жүргізу» заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ІІМ Қарағанды академиясының курсанттарының назарына жеткізді.
Сонымен қатар, алғашқы кәсіби даярлық курсын аяқтауына байланысты тыңдаушыларға сертификат табыс етілді. Өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, оқуда үздік, іс-шараларға белсене ат салысқан тыңдаушылар Академия бастығының атынан марапатқа ие болды.
Тыңдаушыларды оқуды аяқтауларымен шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта тек қана биік белестерді бағындырып, Академия қабырғасында алған білімдерін одан әрі қызметте көрсетеді деп сенеміз!