Тергеушілер мен анықтаушылардың жыл сайынғы жиыны
Тергеушілер мен анықтаушылардың жиыны Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің жоғары әлеуетінің өзіндік индикаторы болып табылады. Қазақстан өңірлерінде үздік тергеушілер мен анықтаушылар деп танылған делегаттар Қарағанды академиясына – құқық қорғау жүйесі үшін кадрлар ұстаханасына жиналады.
Кінәсыздық презумпциясын қамтамасыз ете отырып және сонымен бірге қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын сақтай отырып, тергеу органдары құқық қорғау қызметінің маңызды және негізгі міндеттерін шешеді. Сондықтан тергеушілерді даярлау ведомстволық оқу орындары үшін жауапты миссия болып табылады.
Жиынға қатысушыларды іріктеу сотқа жіберілген қылмыстық істердің санын талдау, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу кезінде сапа мен заңдылықты қамтамасыз ету және қызметтік-әскери тәртіпті сақтау негізінде жүзеге асырылады.
Мәселен, 2020 жылғы 30-31 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында алғаш рет «Қазақстан Республикасы тергеу бөлімшесінің үздік қызметкері» жиыны өтті.
Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласы полиция департаменті Медеу аудандық ПБ тергеу бөлімінің тергеушісі, полиция капитаны Сабыржан Тұрсынбайұлы Сексенбаев үздік тергеуші болып танылды.
Ең үздік анықтаушы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті Сарыарқа ауданы ПБ анықтау бөлімінің аға анықтаушысы, полиция майоры Мұхамбетқалиев Әскербек Сейлұлы болды.
Жиынды өткізу – бұл тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне азаматтық қоғаммен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісуге, полиция қызметкерінің жаңа форматының үлгісі болып табылатын қызметкерлердің жоғары кәсіби деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін өзіндік диалог алаңы.