к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Тәлімгерлік институтының маңызы және жас қызметкерлерді қолдау

Среда, 9 июля 2025

Қазіргі таңда ішкі істер органдарында жас қызметкерлерді тәрбиелеу мен дайындауда өмірлік бай тәжірибесі бар қызметкерлердің рөлі ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында тәлімгерлік институтының басты мақсаты – жас қызметкерлердің атқаратын лауазымдары бойынша белсенді, еңбекқор, білікті маман, адамгершілігі мол, саяси сауатты тұлға ретінде қалыптасу үдерісін жеделдету болып табылады. Бұл бағытта жаңа қызметкерлермен жеке жұмыс жүргізу, жас қызметкерлерді жаңа ортаға бейімдеу және кәсіби даярлау маңызды рөл атқарады. Олар кәсіби функцияларды мүлтіксіз орындауды, үнемі сындарлы кері байланысқа шығып отыруды көздейді. Тәлімгерлік жұмыс бүкіл әлемде танымал және қызметкерлерді оқытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі ретінде мойындалған. Осыған орай, 2025 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Тәлімгерлер кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісте бірқатар жас қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктері салтанатты түрде тапсырылды. Қызметтік куәліктерді Академияның ардагерлері Илья Петрович Корякин, Нұрлан Оспанов және Берік Қатпағұлов табыстады. Олар жас тәлім алушыларға жұмысқа деген оң көзқарас қалыптастыру, қызметке деген ынта-ықыласты арттыру, кәсіби құзыреттерді түсіндіру және жүктелген еңбек функцияларын өз бетінше әрі сапалы орындау қабілетін дамыту туралы ақыл-кеңестерімен бөлісті.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ