
Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы
Бекетаева Құралай Талғатқызы
Начальник отдела воспитательной работы
Бекетаева Куралай Талгатовна
Тәрбие жұмысы бөлімі
Курсанттарды жалпы біліммен қамтумен қатар, тәрбие жұмысына әрдайым ерекше мән беріліп келеді.
1974 жылдан 1987 жылға дейін тәрбие бөлімінің негізін қалаған – Қарағанды жоғары мектебінің саяси бөлім бойынша бастықтың орынбасары, саяси бөлімнің бастығы Чибизов В.Н. болатын. Ол — ерекше іскерлік және ұйымдастырушылық қабілеті бар тұлға еді. Оның негізін қалаған дәстүрлерді кейінгі жылдары Борзых С.Г., Ещанов Ш.С., Юрченко А.Д., Сагиндыков А.Т., Горлов Б.М., Баринов Д.А. жалғастырды. 2011 жылы Академияның тәрбие жұмысы бөліміне полиция полковнигі Давлетбаев А.И. жетекшілік етті, кейін бұл бөлімге полиция подполковнигі Нурбеков А.М. және полиция майоры Шалмаганбетова А.А. басшылық етті.
Қазіргі уақытта Академияның тәрбие жұмысы бөлімін полиция подполковнигі Бекетаева Құралай Талғатқызы басқарады.
Бөлімде сонымен қатар бөлім бастығының орынбасары полиция майоры К.Т. Искаков, аға инспектор полиция аға лейтенанты А.А. Кабышев, инспектор полиция майоры А.Ж. Марашева, Академия бастығының кеңесшісі, Ардагерлер кеңесінің төрағасы М.А-А.Орманов, Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А.Б. Канбаков, музей меңгерушісі К.Е. Базылбекова қызмет атқарады.

Заместитель начальника майор полиции Искаков Касым Тажкенович

Старший инспектор старший лейтенант полиции Кабышев Адиль Аманович

Инспектор майор полиции Марашева Амира Жумашевна

Инспектор Канбаков Айтбек Бектурович

Инспектор Жанбыраева Дарина Бекайдаровна

Заведующая музеем Базылбекова Канагат Еркебулановна
Тәрбие жұмысы бөлімі (әрі қарай – ТЖБ) өз қызметін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2009 жылғы 13 шілдедегі №261 «Ішкі істер органдарындағы тәрбие жұмысын жетілдіру туралы» және 2014 жылғы 26 қаңтардағы №44 «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы полиция құрылымдары туралы ережені бекіту туралы» бұйрықтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
Бөлім өз жұмысында Тәрбие жұмысының тұжырымдамасын, Ішкі істер органдары қызметкерлерінің имиджін арттыру және патриоттық тәрбие бағдарламасын, Академияның негізгі іс-шаралар жоспары мен оқу жылына арналған жұмыс жоспарын басшылыққа алады.
Бөлімнің негізгі мақсаты – академиядағы тәрбие жұмысына жалпы үйлестіру жүргізу. Бөлімнің басты міндеті – жан-жақты дамыған, кәсіби сауатты, моральдық тұрғыда тұрақты қызметкерді қалыптастыру, оқу және қызметтік тапсырмаларды тиімді орындай алатын курсанттар ұжымын құру болып табылады. Жеке тұлғаның дамуына, өзін-өзі танытуына және жетілдіруіне барлық жағдай жасалады. Қазіргі уақытта жаңа форматтар енгізіліп, жаңа бағыттар игерілуде, жаңа ресурстар тартылуда.
Академиядағы тәрбие жұмысының маңызды бағыттарының бірі – Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатын түсіндіру. Курсанттар мен Академия қызметкерлері үшін басшылықпен, профессорлық-оқытушылық құраммен, қоғам қайраткерлерімен, заң шығарушы және атқарушы органдар өкілдерімен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер дәстүрге айналған. Мұндай кездесулер «Академия қонағы» жобасы аясында өткізіледі.
ТЖБ курсанттармен бірлесе отырып, жаңа деңгейде жалпыакадемиялық іс-шараларды тұрақты ұйымдастырады. Курсанттардың бастамалары мен шығармашылық әлеуеті қолдау табуда. Олар түрлі деңгейдегі — аудандық, қалалық, облыстық, республикалық — көрмелерге, байқаулар мен фестивальдерге белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Отбасы құндылықтары мен дәстүрлерін қалыптастыру, отбасындағы өзара қарым-қатынас мәдениетін дамыту мақсатында іс-шаралар өткізіліп, полиция қызметкерінің жағымды бейнесін қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіледі.
Атаулы күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған концерттік бағдарламалар Академияның көркемөнерпаздар ұжымының (офицерлер мен курсанттар) күшімен ұйымдастырылады.
Кәсіптік бағдар беру және ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін нығайту мақсатында жыл сайын Қарағанды қаласының орта мектептері мен колледждерінің жоғарғы сынып оқушыларына арналған Ашық есік күні өткізіледі.
Курсанттарды патриоттық рухта тәрбиелеуге Академияның Еңбек және жауынгерлік даңқ музейі зор үлес қосуда. Музейдің екі залында келесі экспозициялар орналасқан: Академияның негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, құқық профессоры, юстиция генерал-майоры Б.С. Бейсеновке арналған; Академияның жауынгерлік даңқы; Академия ұжымы мен түлектерінің ғылыми және қызметтік жетістіктері.
Сонымен қатар Тәрбие жұмысы бөлімі келесі құрылымдардың қызметін үйлестіреді:
- кураторлар кеңесі, кіші командирлер кеңесі, офицерлік жиналыс кеңесі, Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ардагерлер ұйымы кеңесі;
- Мәдениет университеті: «Оқитын академия» әдеби клубы, «KPA CINEMA» киноклубы, Абай Құнанбаев атындағы шешендік өнер клубы;
- ауыспалы құрамға арналған домбырашылар оркестрі;
- тұрақты және ауыспалы құрам үшін музыкалық аспаптарда (домбыра, гитара, фортепиано) ойнауға арналған үйірме;
- волонтерлік қозғалыс.
Кураторлық институт – профессорлық-оқытушылық құрамның курсанттармен тұрақты байланыс орнатуына бағытталған маңызды жұмыс түрі ретінде айрықша маңызға ие. Әр жұмада кураторлық сағаттар өткізіліп, кураторлар топтарымен бірге театрларға, музейлерге барады, сенбіліктер ұйымдастырып, аз қамтылған отбасылар мен балалар үйлеріне барады. Олар курсанттардың үлгерімін, тәртібін және взвод ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды бақылауға белсенді қатысады.
Қазіргі кезеңде Академияның ақпараттық кеңістіктегі имиджін ілгерілету ерекше маңызға ие болып отыр. Академияның ресми жоспарына енгізілген тәрбие жұмысы бойынша барлық іс-шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланады, ал инспекторлар ресми аккаунттарды жүргізеді. Алдағы уақытта оқу үдерісі барысында және бос уақыттарда курсанттарға тәрбиелік әсер ету жұмыстарын кешенді түрде жалғастыру көзделуде. Бұл бағыттағы тәрбие жұмысы қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ағартушылық және спорттық-сауықтыру іс-шаралары аясында жүзеге асырылады. ТЖБ бұл жұмыстарды Академия басшылығымен, курс әкімшілігімен, кафедралармен, топ кураторларымен, курс және Академия полицейлік құрылымдарының жетекшілерімен бірлесе отырып үйлестіреді.
