Өткен аптада
Сәрсенбі, 14 Сәуір 2021
2021 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді. Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлік пен ынтымақ Отанымыздың символына айналды.
Бірлік пен ынтымақтың арқасында қазақстандықтар кез келген сынақты еңсерді.
Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов Қарағанды академиясында бірлік пен ынтымақ, жақындарын қолдау аясында тұрақты түрде түрлі акциялар өткізіліп, қайырымдылық көмек көрсетілуде.
Аталған оқу орнында жұмыс істейтін әйелдер кеңесі негізгі рөлдердің бірін атқарады.
Өткен аптада Академияның әйелдер кеңесі өздірінің азаматтық ұстанымын танытып, қайырымдылық акциясына бастамашы болды.
Академияның әйелдер қауымы және идеологиялық жұмыс бөлімінің қызметкерлерімен 7 бала тәрбиелеп отырған отбасыға көмек ұйымдастырды. Өкінішке орай, көп балалы отбасының қыздарының бірі қатерлі ісік ауруымен ауырады (сүйек қатерлі ісігі).
Академия қызметкерлері отбасына қолдан келгенше көмек көрсетіп, азық-түлік пен тұрмысқа қажетті тауарларды жеткізді.
Балалардың анасы Академия басшылығы мен қызметкерлеріне көрсетілген көмек үшін үлкен алғыс айтты.
Біз осы отбасыға шыдамдылық пен қажырлылық тілей отырып, баланың тез сауығып кетуіне тілектестік білдіреміз.