Өткен аптада Қарағанды академиясында барлық қызметкерлер мен курсанттарға ревакцинация басталды
Сейсенбі, 21 Желтоқсан 2021
Өткен аптада Қарағанды академиясында барлық қызметкерлер мен курсанттарға ревакцинация басталды. Вирус мутацияға ұшырап, өзгеретіндіктен, ревакцинация үнемі қажет. Жалпы вакцинация қалыптасқан ретпен жүргізіледі: анкета толтырылып, қан қысымы, сатурациясы, дене қызуы өлшенеді. Басты айырмашылық сол, бұл жолы ревакцинация бір кезең бойынша жүргізіліп, осылайша, иммунитетті мықтаймыз. Бүгінде «QazVac» вакцинасын 200-ден аса адам алып үлгерген. Аталмыш вакцинаны білім және ғылым министрлігі, биологиялық қауіпсіздік мәселелері комитеті, ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары түзген. Бұл ғылыми-зерттеу институтының 60 жылдан аса тарихында биологиялық қауіпсіздік, вирусология, микробиология, иммунологтя саласында үлкен тәжірибесі бар.