к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

«ТМД үздік жас ғалым – 2023» – Омирова Мансура Сагидуллаевна

Бейсенбі, 28 Желтоқсан 2023

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Ғылыми-зерттеу институтының ІІО қызметін криминалистикалық қамтамасыз етудің проблемаларын зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс магистрі полиция капитаны Омирова Мансура Сагидуллаевна Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы арасында өткізілген «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ – 2023» байқауына қатысты. Байқауға «Айыппұлды қылмыстық жаза ретінде қолдану» тақырыбында жазылған ғылыми мақаласы жолданды. Байқау қорытындысының нәтижесінде қазылар алқасының жоғары бағалауымен Омирова Мансура Сагидуллаевна I-дәрежелі дипломға ие болды және ТМД арасында «ҮЗДІК ЖАС ҒАЛЫМ – 2023» арнайы төсбелгісімен марапатталды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Ғылым қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында Б.Бейсеновтың 100 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында өткізілген «Үздік ғылыми басылым» номинациясы бойынша халықаралық байқаудың жеңімпазы атанып, Академия бастығының дипломымен және бағалы сыйлықпен марапатталған.

Әріптесіміз Мансура Сагидуллаевнаны кәсіби жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ