Тыңдаушылары алғашқы кәсіби даярлықтан сәтті өтті
Дүйсенбі, 27 Желтоқсан 2021
Қазақстан Республикасы ІІМ Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тыңдаушылары алғашқы кәсіби даярлықтан сәтті өтті. Айта кетейік, азаматтық жоғары оқу орындарында білім алған болашақ полиция қызметкерлері еңбекке араласпас бұрын ведомстволық оқу орындарында алғашқы даярлықтан өтуге міндетті. 6 айлық оқуды тәмамдаған соң, тыңдаушыларға сертификат беріледі. Болашақ полиция қызметкерлері саптық даярлықтан, атудан, дене шынықтыру және кәсіптік дайындықтан емтихан тапсырды.
Академия бастығының орынбасарлары Еркін Әбеуов пен Серғали Тоқтабеков түлектерді құттықтап, кәсіби өрлеу, қызметте табыс тілеп, полиция қыметкері деген атқа лайық, Отан игілігі үшін адал қызмет етуге шақырды. Тыңдаушыларға Қарағанды облыстық ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров та лебізін жеткізді. Басшылар түлектерге сертификат, оқуда ерекше көзге түскендерге грамота табыс етті.
Біз де өз тарапымыздан болашаққа нық қадам жасаған түлектерімізге ақ жол, толағай табыс тілейміз!