Тыңдаушылар арасында эстафеталық жарыс өтті
Вторник, 12 августа 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының дене шынықтыру даярлығы кафедрасы кәсіби даярлық факультетінің тыңдаушыларымен қызықты және тартысты эстафета ұйымдастырды. Бұл шараның басты мақсаты – тыңдаушылардың дене шынықтыру деңгейін арттырумен қатар, командалық рухты, ұйымшылдық пен өзара қолдауды нығайту болып табылады. Жарыс барысында қатысушылар шапшаңдық, төзімділік және үйлесімді қимылдарымен ерекшеленді. Осындай іс-шаралар болашақ мамандардың физикалық және психологиялық дайындықтарын шыңдауға үлкен үлес қосады.