Ұлттық Домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар
Среда, 9 июля 2025

🎶 6 шілде — Ұлттық Домбыра күні 🎶 Шілденің бірінші жексенбісі — халқымыздың мәдени мұрасын, төл өнерін дәріптейтін Ұлттық Домбыра күні болып табылады. Бұл күн домбыраның тек музыкалық аспап қана емес, сонымен қатар ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан тарих пен шежіре, халқымыздың рухы мен елдігінің нышаны екенін еске салады. Осы мерекеге орай Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттарына қасиетті домбыраның құдіретін киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушысы, полиция лейтенанты Даутұлы Исмаил кеңінен түсіндірді. Ол Ғабиден Мұстафин атындағы музыкалық мектепте домбыра сыныбында білім алған және ұлттық өнерімізді насихаттауға өз үлесін қосып келеді. Ұлттық мұрамызды ардақтап, бабалар аманатын ұлықтайық!