к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Ведомстволық оқу орындарының басшылары есеп берді

Сәрсенбі, 20 Қазан 2021

Кеше Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаев ведомстволық білім мекемелерінің басшыларымен бейнеконференция режимінде кездесу өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы және ведомствалық білім беруді жаңғырту бойынша жол картасының жүзеге асырылуы туралы есеп тыңдалды. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының жұмысындағы қордаланған мәселелер тілге тиек етіліп. Министрдің тарапынан жоғары білім беру стандарттарына сәйкес кадр даярлау, полиция жұмысының сервистік моделіне өтуді есепке ала отырып, оқу процесінің сапасын арттыру, қылмыстық кодекстің үш буынды моделі турасында бірқатар тапсырмалар берілді. Кездесуде бүгінгі күні оқу орындарын оңтайландыру жұмыстары жүргізілгені, ІІМ алты оқу орнында ішкі істер органдары мамандарын даярланып жатқаны атап өтілді.

Қарағанды Академиясының бастығы, полицияның генерал-майоры Ақынқали Дәрменов Академияның инновациялық жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндама жасады. Министрдің тапсырмасына сәйкес, ғаламтордың қатысуымен есірткі таратуға, жеке мүлікке және ғаламтордағы алаяқтыққа қатысты қылмыстарды зерттеу бойынша арнайы курстар енгізілді. Отбасылық-тұрмыстық зорлық және кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қылмыстарды зерттеу саласында курсант-тергеушілерді даярлау ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ақынқали Дәрменов біздің жоғары оқу орнының 2022-2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын таныстырды, білім сапасын арттыруға бағытталған заманауи технологиялық шешімдерді нақтылады

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ