Қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделі бойынша қылмыстық істерді электронды форматта тергеп-тексеру
Бейсенбі, 11 Қараша 2021
Өткен аптада Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасы кәсіби дайындық факультетімен бірлесіп, «Қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделі бойынша қылмыстық істерді электронды форматта тергеп-тексеру» тақырыбында практикалық сабақ ұйымдастырды.
Шақырылған қонақтар Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Қарағанды облысы бойынша қылмыстық саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры Оспанова Жанна Серікқызы және ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі аға прокуроры Карпук Лилия Талғатқызы болды.
Сабақтың мақсаты – сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тергеушілердің іс жүргізу шешімдерін қабылдауын, сондай-ақ қылмыстық іс бойынша процесуалдық прокурорлардың осындай шешімдерді келісуін көрнекі түрде көрсету.
Сабақты өткізу үшін оқытушылар негізгі пәндер бойынша сабақтарда курсанттар мен тыңдаушылар қолданылатын СДТТБТ деректер қорының демо нұсқасын пайдаланды.
Тәжірибеден мамандарды тарта отырып, жүргізілетін сабақтар болашақ мамандардың құқық қорғау органдарында жүзеге асыратын дағдылары мен сауаттарын дамытуға мүмкіндік береді.
Сабаққа: қылмыстық процесс кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және Академияның бастапқы дайындық курсының тыңдаушылары қатысты.