«Қылмыстық процесті цифрландыру: қазіргі жағдайы мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция
Жұма, 25 Маусым 2021
25 маусымда Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды академиясында «Қылмыстық процесті цифрландыру: қазіргі жағдайы мен перспективалары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтуде.
Конференцияда Мемлекет басшысының құқық қорғау ведомствосының процестерін цифрлық жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінің әлеуеті және қылмыстық істерді электрондық форматта тергеп-тексерудің ерекшелігі, полиция қызметіне цифрлық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мәселелері талқыланады.
Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың, мамандандырылған жоғары оқу орындарының өкілдері және жақын және алыс шетелдердің ғалымдары қатысуда.
Қатысушылар ІІО жаңғырту және сервистік бағдарланған полицияны енгізу жағдайында цифрландыру маңызды рөл атқарады, өйткені ол азаматтардың қауіпсіздігін жақсартуға; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және ашықтықты арттыруға; полиция қызметкерлері жұмысының өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.