Қызметкерлерді оқыту бағдарламасының мақсаты жаңа теориялық білім алу
Сейсенбі, 12 Сәуір 2022
Сәуір айының басында кадрлардың біліктіліктілігін арттыру және қайта даярлау факультетінде ведомстволық оқу орындарының оқытушылары, ҚАПБ аға жедел уәкілдері курстар өтті. Оқытушылар «Заманауи білім беру: әдістер, тенденциялар, технологиялар» курсының тақырыбы бойынша біліктіліктерін арттырды.
Жедел уәкілдер «Кәмелетке толмағандарды саудалаумен, кәмелетке толмағандарды коммерциялық сексуалдық қанаумен және кәмелетке толмағандарды заңсыз әрекеттерге тартумен күресу мәселелері» атты курстардан өтті. Қызметкерлерді оқыту бағдарламасының мақсаты жаңа теориялық білім алу, қызметтік міндеттерді шешуге қажетті дағдыларды дамыту болды.
Тыңдаушылар 36 сағаттан тұратын бағдарламаны меңгерді.