Қызметкерлері, магистранттары мен курсанттары қан тапсыру қайырымдылық шараларына тұрақты түрде қатысады
Сенбі, 2 Сәуір 2022
Қазақстан Республикасы ІІМ Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері, магистранттары мен курсанттары қан тапсыру қайырымдылық шараларына тұрақты түрде қатысады. Көпшілігі алғаш рет қан тапсырды. Анда-сонда қан тапсыру ағзаға пайдалы әсер ететіні ғылыммен дәлелденген. Донорлар аз ауырады және өздерін көңілді сезінеді. Қан тапсыру иммундық жүйе ауруларының тамаша профилактикасы болып табылады. Процедура алдында донорлар медициналық тексеруден, сынақтардан өтіп, сауалнамалар толтырылды.
Қайырымдылыққа арналған мұндай іс-шаралар Қарағанды академиясының игі дәстүріне айналды. Уақыт тауып, медициналық бөлімшеге келген әрбір курсант пен қызметкерге алғыс айтамыз!