Өз ағашыңды отырғыз
Қарағанды академиясы қаланың экожүйесінің ірі құрамдас бөлігі болып табылады, оған жақын маңдағы мәдениет және демалыс паркі, ботаникалық бақ, хайуанаттар бағы кіреді. Сондықтан Академия аумағындағы жасыл желектерді ұлғайту бүкіл қаладағы экологиялық жағдайды жақсартады.
Абаттандыру тұжырымдамасына сәйкес академия аумағын одан әрі жақсарту үшін таныстыру ақпараты (отырғызу күні, түлектердің деректері, сондай-ақ ағаштың атауы) бар стендтер орнатылып, ағаштар отырғызу талап етіледі. «Өз ағашыңды отырғыз» жобасы шеңберінде ағаш отырғызуға Академияның барлық түлектері мен қызметкерлері қатысады, таныстыру ақпараты (отырғызу күні, түлектердің деректері, сондай-ақ ағаштың атауы) бар стенділер орната отырып, ағаш отырғызады.
Сонымен, ағаш отырғызу «Атаулы ағаш» жобасы аясында жүзеге асырылады, онда қызметкерлер, құрметті қонақтар, түлектер, курсанттар және олардың ата-аналары ағаш отырғызады, ал жанында атаулы тақтайша орнатылады.
2020 жылы ағаш отырғызу 23 қыркүйектен басталды – Қазақстан Республикасы ІІМ Тергеу департаментінің бастығы полиция полковнигі С.А. Әділов, одан әрі – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф.Жақсылықов ағаш отырғызуға бірінші болып қатысты.
2020 жылғы 1 қазанда Қарағанды академиясында «2020 жылғы қабылдау аллеясы» пайда болды. Әр взвод (взводтардың жалпы саны – 10) 10 көкшіл сұр шырша отырғызды. Отырғызылған ағаштарға күтім жасау өз бетінше жүзеге асырылатын болады.
«Өз ағашыңды отырғыз» жобасы аясында ағаштарды (көкшіл шыршаны) отырғызуға КСРО ІІМ ҚЖМ түлектері, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының ғылыми-педагогикалық магистратурасының түлектері, полиция департаменттері бастықтарының орынбасарлары (біліктілікті арттыру курстарын аяқтау қорытындысы бойынша), ҚР ІІМ Ақтөбе заң институтының өкілдері қатысты.