Заң ғылымының ардагері және оның ізбасары
Вторник, 24 июня 2025

🔷Сейтхожин Болат Өміржанұлы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, отставкадағы полиция полковнигі, Қазақстан заңгерлер одағының мүшесі және Ресей Федерациясы, Кемерово қаласында шығатын «Юридический факт» ғылыми-құқықтық журналының редакциялық алқасының мүшесі ретінде танымал тұлға. Ол ішкі істер органдарындағы қызметін 1984 жылы бастап, 1989 жылы КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған. 1994 жылдан 2010 жылға дейін Қарағанды заң институтының (ҚР ІІМ) қылмыстық құқық және криминология кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Болат Өміржанұлы құқық қорғау органдары жүйесі мен заң ғылымымен өмірі мен қызметі тығыз байланысты кәсіби буын өкілдерінің бірі болып табылады. Бүгінде ол өмір жолын жалғастыруды келесі ұрпаққа аманат етті – қызы Оңғарова Гүлжан Болатқызы аталған отбасы дәстүрін жалғастырып, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Ұрпақтар сабақтастығы, кәсіби жолға деген адалдық пен берілгендік – құқыққа, ғылымға және қоғамға шынайы қызмет етудің жарқын үлгісі.