к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық топтың онлайн отырысы өтті

Жұма, 25 Желтоқсан 2020

2020 жылғы 24 желтоқсанда Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбектің төрағалығымен Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ведомствоаралық топтың онлайн отырысы өтті. Отырыс барысында Ведомствоаралық топтың 2020 жылдағы жұмысының нәтижелері таныстырылды.

Сондай-ақ  отырысқа Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.Д. Калайчиди, ҚР ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері, Қарағанды қаласының әкімі Е.К. Бөлекпаев, облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының облыстық бөліністерінің (Полиция департаменті, Жергілікті полиция қызметі басқармасы, Облыс прокуратурасы, Қылмыстық атқару жүйесінің департаменті) және әлеуметтік блок органдарының (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, Білім, Денсаулық сақтау, Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармалар) басшылары, халықаралық ұйымдардың (Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы) өкілдері қатысқан болатын. Сондай-ақ отырыстың жұмысына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы полиция полковнигі А.Д. Дәрменов те қатысты.

Еске сала кетсек! Ведомствоаралық топ еліміздің ішкі істер органдары жүйесінің реформасы аясында жүргізіліп жатқан қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының Қарағанды академиясы бастығы А.Д. Дәрменовтің жүзінде осы Пилоттық жобаның бастамашыларының бірі болды және Ведомствоаралық топқа оның қызметінің бірінші күнінен бастап жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Ведомствоаралық топтың құрамына Академияның Ғылыми-зерттеу институтының қызметкері полиция капитаны С. Молбасин кіреді.

Аталмыш отырыста Ведомствоаралық топ жұмысының нәтижелері талқыланды және осы жобаның стейкхолдерлері тарапынан оң бағаға ие болды. Мәселен, ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы елшісі Дьердь Сабо өзінің сөзінде «Ведомствоаралық топ қыруар жұмыс жасады. Біз талдаудың қаншалықты мұқият жүргізілгендігін көріп отырмыз, тіпті әрбір үй мен әрбір азаматқа дейін талдау жасалған. Қарағандының орталық секторының проблемалары жан-жақты қамтылған және оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірленген», ­­- деп атап өтті.

Сонымен қатар, Ведомствоаралық топ жұмысы нәтижелерінің құндылығы жөнінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры А.Д. Калайчиди, Қарағанды облысының прокуроры 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші М.И. Сексембаев және БҰҰДБ сарапшысы Х. Беликов та атап өтті.

Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.Ж. Ысмағұлов аталмыш жобаның маңыздылығы мен нәтижелілігін атап өтіп, Ведомствоаралық топтың жүзеге асырылып жатқан ұсыныстарын айқындап кетті және осы жоба мерзімін ұзарту мен оның шекарасын кеңейту жөнінде ұсыныс жасады.

Ведомствоаралық топ дайындаған ұсыныстар отырысқа қатысушылар тарапынан қолдауға ие болды және 2021 жылы олардың кең көлемді жүзеге асырылуы жоспарланып отыр. Осы ұсыныстар қаламыздың азаматтардың өмір сүруі үшін қауіпсіздірек болуы үшін көмегін тигізеді деп күтіліп отыр.

01

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ