к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Үздік ғалым

Жыл сайынғы «Үздік ғалым» байқауы

«Үздік ғалым» байқауы оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының сапасын арттыру, ғылыми белсенділікті ынталандыру, оқытушылардың, ғылыми қызметкерлердің кәсіби тұрғыда өзін-өзі жүзеге асыруы және жеке өсуі үшін жағдай жасау мақсатында өткізіледі.

Конкурстың міндеттері:

– ғалымдардың әлеуметтік мәртебесін арттыру, оларға қоғамдық қолдауды күшейту;

– жоғары білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық технологияларын насихаттау және тарату;

– академия ғалымдарының одан әрі кәсіби өсуін ынталандыру ;

– жоғары білім беру жүйесінде ғылыми және педагогикалық қызметтің табысты тәжірибесін тарату.

Конкурсқа лауазымы, ғылыми дәрежесі мен атағы шектеусіз оқытушылар, ғылыми қызметкерлер қатыса алады.

Конкурсқа қатысуға кандидаттарды ұсынуды кафедралар мен құрылымдық бөліністер, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолымен жүргізеді.

Конкурсқа қатысушыларды ұсыну 2 кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде конкурсқа қатысушылар өтінімді, өздерінің ғылыми жетістіктері туралы ақпаратты белгіленген нысан бойынша толтырады. Конкурстық материалдарды (барлық растайтын құжаттарды қоса алғанда) жеке папкаға жинап, конкурстық комиссияның сараптамасы үшін ұсыну қажет. Қатысушылар саны шектелмеген.

Екінші кезеңде комиссия конкурстың финалдық бөлігі үшін қатысушылар арасында үздік кандидатураларды іріктейді. Комиссия қорытынды бөлімнен өткен қатысушыларды бетпе-бет тур өткізуге шақырады (қатысушылардың ғылыми жетістіктерін комиссия алдында таныстыру), бұл туралы олар қосымша хабарланатын болады.

Конкурсқа қатысушылар келесі көрсеткіштер (критерийлер) бойынша бағаланады):

1. Күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдардың саны мен сапасы.

Бұл ретте жеке қарастырылады:

– ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы ЖАК ұсынатын басылымдар тізбесіне кіретін журналдардағы мақалалар;

– шетелдік рецензияланатын ғылыми мерзімді басылымдардағы мынадай дәйексөз алу жүйелерінің біріне енгізілген мақалалар: Web of Science, Scopus, Web of Knowledge;

– РҒДИ базасына кіретін журналдардағы мақалалар;

-отандық басылымдардағы мақалалар (ғылыми журналдар, конференциялар жинақтары);

– халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары (тезистер емес);

– республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары (тезистер емес);

– монографиялар (бұл ретте тең авторлардың саны ескеріледі); оқулықтар/оқу құралдары (бұл ретте тең авторлардың саны ескеріледі).

2. Ғылыми мәртебесі. Бұл ретте жеке қарастырылады:

– академиялық / ғылыми дәрежесі;

– ғылыми, академиялық атағы.

3. Ғылыми іс-шараларға қатысу. Бұл ретте жеке қарастырылады:

– халықаралық деңгейдегі;

– республикалық деңгейдегі;

– өңірлік деңгейдегі.

4. ҒЗЖ іске асыру. Бұл ретте жеке қарастырылады:

– халықаралық гранттар;

– білім министрлігі және ҒКР гранттары;

– басқа республикалық ұйымдардың гранттары;

– ЖОО ішіндегі қаржыландыру;

– шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ.

5. СҒЗЖ басшылығы (конкурстарда, олимпиадаларда, конференцияларда жүлделі орындар). Бұл ретте жеке қарастырылады:

– халықаралық деңгейдегі;

– республикалық деңгейдегі;

Конкурстық материалдарды сараптаудың негізгі міндеті олардың талаптарға сәйкестігін кешенді бағалау, сондай-ақ нәтижелердің ғылыми құндылығы мен маңыздылығын бағалау болып табылады;

Конкурс жеңімпазы туралы шешім алынған баллдар бойынша қабылданады.

«Үздік ғалым» номинациясын жеңіп алған конкурсқа қатысушы сертификатпен, сондай-ақ естелік сыйлықпен марапатталады.

Байқау қорытындысы бойынша марапаттау салтанатты рәсімде өткізіледі.

2020 жылдың қорытындысы бойынша осы конкурста Академияның ғылыми-зерттеу институтының ІІО тергеу қызметінің мәселелерін зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Дадашов Расим Филага оглы жеңімпаз атанды.

Конкурс нәтижелері туралы ақпарат Қарағанды академиясының сайтында орналастырылады – www.kpa.edu.kz

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ