Үздік жас ғалым
Сейсенбі, 29 Қараша 2022
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны және ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін «Үздік жас ғалым» номинациясы бойынша Ғылыми-зерттеу институты, ІІО тарихын зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Құлынтай Монай марапатталды.
Құлынтай Монай бүгінгі таңда Академияның Жас ғалымдар мен мамандар Кеңесінің төрағасы болып табылады. Оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін өткен жылы «Үздік куратор» номинациясына ие болған. Сонымен қатар Қ. Монай Қазақстан Журналистер одағының мүшесі және халықаралық және республикалық байқаулардың жеңімпазы.
Алдағы уақытта әріптесіміз Құлынтай Монайға шығармашылық табыс тілейміз!