к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Жетісу облысында "Мобильді академия" жобасы аясында біліктілікті арттыру курстары өтті

Среда, 9 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.С. Саденовтың тапсырмасымен 2025 жылғы 01-08 маусым аралығында Жетісу облысының Полиция департаментінде "Мобильді академия" жобасы аясында біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды. Бұл курстарға Жетісу облысы ПД тергеу мен анықтау бөлімшелерінің басшылары қатысты. Курстың мақсаты — "Менеджмент және оны ІІО басқару қызметінде пайдалану", "Басқару психологиясы", "Адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау жөніндегі халықаралық стандарттар", "Қылмыстық процесстің ерекшеліктері" және басқа да тақырыптар бойынша жаңа әдістер мен әдіснамаларды басшылық құрамға түсіндіру болды. Курсты саяси ғылымдарының кандидаты, кәсіби-психологиялық даярлық және ІІО басқару кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Ербақыт Мұхамедқалиұлы Баймұханов, қылмыстық процесс кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Берген Ерболатұлы Жақсыбаев және жалпы заң пәндері кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Жанғали Шапағатұлы Жалмаханов жүргізді. Курстың қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ