Жезқазған қаласының жастары мен студенттері дәріс оқыды
Жұма, 15 Қазан 2021
2021 жылғы 14 қазанында ф.ғ. к., з.ғ.м. Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының доценті полиция полковнигі А.А. Бейсеев Жезқазған қаласының жастары мен студенттері үшін «Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы қазақ халқының құқықтық құндылықтарының рөлі» тақырыбында онлайн режимінде дәріс оқыды.
Аталған іс-шараны Қарағанды облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ «Жезқазған қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-мен бірлесіп ұйымдастырды.
Дәріс барысында А.А. Бейсеев қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің ментальді-құнды және әлеуметтік-құқықтық негіздерін атап өтті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілер, сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның белгілері туралы айтты, неғұрлым кең таралған сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша қылмыстық-құқықтық статистиканың нәтижелерімен таныстырды.
Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне көптеген адамдардың назарын аудару және Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат табысының қажетті алғышарты болып табылатын ұлттық тарихи тәжірибе контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттарын қалыптастыру болып табылады.