Жыл сайынғы дебат турнирі
Дебаттық турнирді Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы ұйымдастырады. Турнирге ЖОО студенттері мен курсанттары, колледж оқушылары және Қазақстан Республикасы Жастар ұйымдарының мүшелері қатысады.
Турнир американдық парламенттік пікірсайыс (APD) және Линкольн – Дуглас (LD) форматы бойынша мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде үш лигада («ашық» қарарлар (тақырыптар) өткізіледі.
Команда екі пікірсайысшыдан тұрады.
Турнирдің мақсаты – студенттік ортада сендіру өнерін дамыту.
Міндеттері: Білім алушылар арасында дебат қозғалысын насихаттау; жастар арасында шешендік шеберлікті дамыту; жастардың зияткерлік дамуы үшін жағдай жасау; Қарағанды қаласының және жалпы елдің саясатының, экономикасының, әлеуметтік дамуының түрлі бағыттары мен салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.
Төрешілер алқасы мәлімделген және шақырылған спикерлер қатарынан құрылады, оның құрамын ұйымдастырушылар айқындайды.
Пікірсайыс қарапайым критерий негізінде бағаланады: өзінің дұрыстығын ең сенімді түрде дәлелдеген команда, атап айтқанда, өз дәлелдерін толық ашқан команда жеңіске жетеді.
Мәселен, 2019 жылғы 22-24 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кубогы үшін «Жастар және қоғамдық қауіпсіздік» ашық республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.
Дебат турнирінің жабылу салтанатында қатысушыларға орындарды бөлуге сәйкес кубоктар, сондай-ақ естелік сыйлықтар табыс етілді.
Аталған іс-шараны өткізу дәстүрі кейіннен жалғасатын болады.