Лудоманияның алдын алу бойынша дәріс-тренинг өтті
Четверг, 25 сентября 2025

2025 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 2–3 курс курсанттарына арналған «Лудоманияның алдын алу: заманауи тәсілдер мен практикалық шаралар» тақырыбында дәріс-тренинг ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға Қарағанды облысы Полиция департаментінің жедел-криминалистикалық бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Б. Ы. Сүлейменов, «Тұлпар» оңалту орталығының психологы А. Рудковский және Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, қақтығыстанушы Б. Аманжолова қатысты.
Іс-шара барысында мамандар ойынға тәуелділіктің заманауи қауіптері, оның құқықтық және психологиялық аспектілері туралы пікір алмасты. Олар курсанттарға нақты ұсыныстар беріп, қызметтік тәжірибеден мысалдар келтірді. Мұндай кездесулер курсанттардың психологиялық тұрақтылығын арттырып, әлеуметтік қатерлерге қарсы кәсіби иммунитетін қалыптастыруға ықпал етеді.