Мәңгілік ерлікке – мәңгілік тағзым
Пятница, 9 мая 2025

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы мен ардагерлері Мәңгілік алау басында Отан үшін жанын қиған боздақтардың рухына тағзым етті.
Академия бастығы, полиция полковнигі Нұрлан Биекенов бастаған тәртіп сақшылары гүл шоқтарын қойып, ел қорғауда ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Бұл – бейбіт өмір үшін жанын қиғандарға деген риясыз алғыс пен ұрпақ парызының көрінісі.
Ерлік – ұмытылмайды, Жеңіс – мәңгі жасайды!