Мемлекет басшысының Жарлығымен Сәденов Е.С. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды
Пятница, 9 февраля 2024
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.
Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Ішкі істер органдарында 1993 жылдың шілдесінен бастап қызмет етеді. Әр жылдары Ержан Сапарбекұлы Риддер және Өскемен полиция басқармаларының бастығы болып жұмыс істеді. Заңсыз заттармен күрес басқармасын басқарған кезде есірткі бизнесімен күрескен.
ІІМ Қарағанды академиясының басшылығы, профессорлық-оқытушылық құрамы және Ардагерлер кеңесі атынан шын жүректен Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрі лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтаймыз!
Қазақстан Республикасының игілігі үшін атқарып жатқан қызметіңізде жаңа шыңдар мен жетістіктерге қол жеткізе беруіңізге тілектеспіз!