«Мемлекет және құқық теориясы» бойынша ашық дәріс
Среда, 15 октября 2025

2025 жылдың 15 қазанында Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Б. Ғ. Ғаббасәлі кәсіби даярлық факультетінің 1-курс курсанттарына «Мемлекет және құқық теориясы» пәні бойынша «Құқық нысаны (қайнар көздері)» тақырыбында ашық дәріс өткізді.
Дәріс барысында тақырыптың мақсаты мен міндеттері, сондай-ақ оның бұрынғы тақырыптармен байланысы жан-жақты талқыланды. Курсанттар белсенділік танытып, оқу процесіне үлкен қызығушылықпен қатысты. Сабақтың мазмұны толық қамтылып, дәрістің мақсатына толықтай қол жеткізілді.
Сабақ соңында оқытушы қорытынды жасап, курсанттар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берді. Аталған ашық сабақ өзінің ғылыми-теориялық тереңдігімен және практикалық мазмұнымен ерекшеленіп, оқу үдерісінің тиімділігін арттырды.
Обновлено: 15.10.2025 14:28