Мемлекеттік наградалар туралы тағылымды кездесу
Суббота, 13 декабря 2025

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Жарлығының қабылданғанына 30 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы Қарағанды облысының Полиция департаментімен бірлесіп, тағылымды кездесу өткізді.
Іс-шара барысында мемлекеттік наградаларға ие болған полиция қызметкерлері, «Жас Сақшы» сыныптарының оқушылары мен Академия курсанттары бас қосты. Бұл кездесу жас буынға ерлік, отансүйгіштік және қызметке адалдық құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
Еліміздің полиция тарихында өшпес із қалдырған қаһарман-ардагерлер Айдос Сейтбаев, Даурен Алтаев, Сабыр Сапариянов, Виталий Сатанов, Дмитрий Пугач өз өмір жолы мен қызметтегі ерлік сәттері туралы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Олардың ерлігі мен батылдығы жас буынға үлгі болып, патриоттық сезімдерін оятты.
Ерлігі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған батырлармен жүздесу курсанттар мен оқушыларға ерекше рухани серпін берді. Бұл кездесу олардың болашақ қызметтеріне деген ынтасын арттырып, отансүйгіштік рухын нығайтты.
Обновлено: 13.12.2025 10:57



