"Мәңгілікке аттанғандар" мемориалына құрмет көрсету рәсімі
Пятница, 24 октября 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылық құрамы «Мәңгілікке аттанғандар» мемориалына гүл шоқтарын қойып, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әріптестердің рухына құрмет көрсетті.
Бұл тағылымды шара елге адал қызмет еткен полиция қызметкерлерінің ерлігін еске алып, олардың есімін мәңгі есте сақтауға арналған. Мұндай игі дәстүр жас буынды отансүйгіштікке, борыш пен батырлыққа тәрбиелеудің жарқын үлгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, қызметкерлердің ерлігін ұмытпай, олардың рухына құрмет көрсетуді басты міндеттердің бірі ретінде қарастырады. Бұл жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің маңызды бөлігі болып табылады, себебі олар өздерінің алдындағы аға буынның ерлігін бағалап, солардың жолын жалғастыруға ұмтылады.
Обновлено: 24.10.2025 20:12



