«Наурыз — елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» тақырыбындағы танымдық дәріс
Пятница, 21 марта 2025

Қарағанды академиясында «Наурыз – елдің заманауи тарихындағы ауқымды өзгерістерге жол ашқан жаңа саяси кезеңнің бастауы» тақырыбында танымдық дәріс өтті. 1-курс курсанттарына бұл дәрісті ІІО ардагері, отставкадағы полиция полковнигі Нысанкулов Ізбасхан Бекбайұлы өткізді. Кездесу барысында ардагер Наурыз мерекесінің тарихи мәні мен оның Қазақстандағы саяси-әлеуметтік жаңғыру үдерісімен байланысын жан-жақты түсіндірді. Ол егемендік жылдарындағы маңызды реформалар мен құқық қорғау саласындағы өзгерістерге тоқталып, курсанттарға өзінің қызметтік тәжірибесінен тағылымды мысалдар келтірді.
Курсанттар дәріске белсенді қатысып, елдің дамуы мен құқықтық жүйенің жетілдірілуіне қатысты сұрақтар қойып, білікті маманнан құнды ақпарат алды.