«NU KICKBOXING» турнирінде Академия курсанты жеңіске жетті
Четверг, 6 ноября 2025

2025 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін елордамыз Астана қаласында өткен «NU KICKBOXING» ашық турнирінде Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 3-курс курсанты, полиция сержанты Баяхметов Казбек қарсыластарын қапы қалдырып, жүлделі І орынды жеңіп алды.
Баяхметов Казбектің жеңісі – табандылық пен төзімділіктің, қайсар рух пен нағыз ер жігітке тән батылдықтың айғағы. Ол тек спорттық шеберлігін ғана емес, сонымен қатар полиция қызметкеріне тән мінез, тәртіп және намысты көрсетті.
Бұл жетістік – Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының абыройын асқақтатқан тағы бір жеңіс болып табылады.
Жас спортшымызға алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа табыстар тілейміз!


Обновлено: 06.11.2025 20:43



