Оқу аптасы ішінде ІІМ Қарағанды академиясының базасында киберқауіпсіздік
Среда, 30 октября 2024
Оқу аптасы ішінде ІІМ Қарағанды академиясының базасында киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы оқытудың ақпараттық-техникалық құралдары бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері үшін оқу сабақтарын өткізеді. Сабақ барысында цифрлық дәлелдемелермен жұмыс істеуге, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жазаны өтеу орындарындағы радикалды ағымдарды анықтауға және жолын кесуге ерекше назар аударылады. Тыңдаушылар деректерді талдаудың жаңа әдістерімен танысады, сондай-ақ заңсыз әрекеттерді бақылау және алдын алу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануды үйренеді. Сонымен қатар, оқыту шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарында киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және ведомстволар арасында ақпарат алмасу мәселелері талқыланады.