Өскеменде өткен халықаралық турнирде академия курсанты жеңімпаз атанды
Воскресенье, 25 января 2026

2026 жылғы 24 қаңтарда Өскемен қаласында өткен халықаралық турнир Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы үшін үлкен мақтанышпен аяқталды. Академиямыздың курсанты, полиция сержанты Бауыржан Әли, қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, доданың жеңімпазы атанды.
Бауыржан финалдық жекпе-жекте өзінің шеберлігі мен қайсарлығын көрсетіп, екінші раундта қарсыласын нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс оған әлемдік аренаға жол ашып, үлкен спорттағы жаңа белестерге жолдама берді.
Ел намысын қорғап, погон мен спортты қатар алып жүрген курсантымызды жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Тұғырың биік болсын, Әли!
Обновлено: 25.01.2026 17:33



