к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Оқу-әдістемелік кеңес

Оқу-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – ОӘК) – Б.Бейсенов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясындағы алқалық басқару органы болып табылады.

ОӘК қызметіне жалпы басшылықты Академия бастығының орынбасары жүзеге асырады, ол сонымен қатар Кеңес төрағасы болып табылады.ОӘК төрағасының орынбасары – кәсіби даярлық факультетінің бастығы.ОӘК мүшелері арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

ОӘК құрамына факультет, кафедра және Академияның басқа да бөлімшелерінің бастықтары кіреді.ОӘК құрамы Академия бастығының бұйрығымен бекітіледі.

ОӘК жұмысы Академияның оқу жылына арналған, ОӘК отырысында қаралып, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі.

ОӘК өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Академия Жарғысын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №157 бұйрығымен бекітілген «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының алқалық басқару органдарының жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын» басшылыққа алады.

Оқу-әдістемелік кеңестің қызметінің мақсаты – оқу процесін жетілдіру, сондай-ақ Академиядағы оқу-әдістемелік қызметті жоспарлау мен ұйымдастыру болып табылады.

Оқу-әдістемелік кеңестің негізгі міндеттері:

  1. академиялық және инновациялық қызметтің негізгі мәселелерін қарастыру, талқылау және шешім қабылдау;
  2. оқу процесінің әдістемелік қамтамасыз етілуі сапасына мониторинг ұйымдастыру;
  3. білім беру процесін әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету және жетілдіру;
  4. оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру мен жетілдіру бойынша озық тәжірибені қорыту және тарату;
  5. педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу процесінің мазмұнын талдау;
  6. жаңа технологияларды, әдістер мен оқыту құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру;
  7. білім беруді дамыту және оны іске асырудың басым бағыттарын қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  8. ортақ мақсаттарға жету үшін құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
  9. қол жеткізілген нәтижелерді бағалау және қажет болған жағдайда түзету шараларын қабылдау.

Обновлено: 28.10.2025 13:24

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ