Оқу-әдістемелік жиын: 2024–2025 оқу жылының қорытындылары және жаңа міндеттер
Пятница, 21 ноября 2025

2025 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында 2024–2025 оқу жылындағы профессорлық-оқытушылық құрамның жұмысының қорытындылары және 2025–2026 оқу жылына арналған басым бағыттар талқыланған оқу-әдістемелік жиын өтті.
Жиынға арнайы шақырылған қонақтар – «Bolaschag» академиясының ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Дана Саламатовна Асакаева және «Bolaschag» академиясының құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Ақылбек Тайбулатович Қабжанов мазмұнды баяндамалар жасап, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Профессорлық-оқытушылық құрам есептік кезеңде атқарылған оқу-әдістемелік жұмыстардың негізгі бағыттары туралы ақпарат ұсынып, оқу процесін одан әрі жетілдіру бойынша алдағы міндеттерді айқындады. Оқу-әдістемелік жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа әдістер мен технологияларды енгізу қажеттілігі атап өтілді.
Жиын соңында қонақтарға Академия бастығының міндетін уақытша атқарушы, полиция полковнигі Ерлан Думанұлы Намысовтың атынан алғыс хаттар табысталды. Бұл жиын Академияның білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Обновлено: 21.11.2025 11:08



