«Полиглот» ғылыми үйірмесінің кезекті іс-шарасы өтті
Суббота, 29 ноября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының Тілдік дайындық кафедрасының «Полиглот» ғылыми үйірмесінің жұмыс жоспарына сәйкес кезекті іс-шара сәтті ұйымдастырылды. Бұл шараға 1 курс 103 және 107 оқу топтарының курсанттары белсене қатысып, «Киберқылмыс пен есірткі қылмысымен күресте Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы» тақырыбында пікір алмасты.
Іс-шара барысында Абай ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.Б. Тусупбеков онлайн режимде қосылып, курсанттарға талқыланған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, 103 оқу тобының курсанты Н. Мамай мазмұнды баяндамасын ұсынып, тыңдаушылардың назарын аударды.
Бұл іс-шара киберқылмыс пен есірткі қылмысымен күрестегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызын терең түсінуге мүмкіндік беріп, курсанттардың жаһандық қауіпсіздік бағытындағы көзқарасын кеңейтіп, олардың кәсіби дайындықтарына маңызды үлес қосты. Мұндай іс-шаралар курсанттардың білімін арттырып қана қоймай, олардың болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арттырады.
Обновлено: 29.11.2025 13:07



