Қарағанды академиясы Көкпекті мектебінің құттықтауын қабыл алды
Среда, 31 декабря 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлерін Қарағанды облысының Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебінің «Жас сақшы» сыныбы келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ұжымы Қарағанды облысының Көкпекті жалпы білім беретін орта мектебінің ұстаздары мен оқушыларын келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Жаңа жыл сіздерге зор денсаулық, оқуда табыс, биік мақсаттар мен жарқын жетістіктер әкелсін. Әрқайсыңыздың жүрегіңізде Отанға деген сүйіспеншілік, әділдік пен жауапкершілік қасиеттері нығая берсін. Армандарыңыз орындалып, жаңа жыл қуаныш пен шаттыққа толы болсын!
Обновлено: 31.12.2025 12:23



