Қарағанды академиясына түсу туралы тікелей эфир өтеді
Вторник, 13 января 2026

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!
14 қаңтар күні сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының ресми Instagram парақшасында тікелей эфир ұйымдастырылады.
Эфир барысында келесі мәселелер қарастырылады:
- Қабылдау талаптары мен кезеңдері;
- Ұлттық бірыңғай тестілеу ұпайы және қажетті құжаттар;
- Медициналық тексеру мен физикалық дайындық нормалары;
- Курсанттардың оқу-тәрбие үдерісі;
- Сұрақтарға тікелей жауап беру мүмкіндігі.
Өз сұрақтарыңызды тікелей эфир кезінде қоюға болады. Бұл эфир академияға түсуге қызығушылық танытып жүрген әрбір жас үшін маңызды ақпарат көзі болмақ.
Эфирді жіберіп алмаңыз – арманыңыздағы мамандыққа алғашқы қадамды бірге жасайық!
Обновлено: 13.01.2026 14:08



