Қарағанды академиясында алғашқы кәсіптік даярлық курсы басталды
Понедельник, 19 января 2026

2026 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясына алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларының кезекті легі қабылданды.
Екі айлық оқу бағдарламасы аясында тергеу және криминалистика бағыты бойынша қатардағы және орта басшы құрам лауазымдарындағы қызметкерлер өздерінің кәсіби білімдерін тереңдетіп, тәжірибелік дағдыларын жетілдіреді. Оқу үдерісі барысында тыңдаушылар ішкі істер органдарындағы қызметтің мәні мен ерекшеліктерін жан-жақты меңгеріп, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы жауапты әрі абыройлы міндеттерді сапалы атқаруға жан-жақты даярлықтан өтеді.
Аталған курс ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттырумен қатар, олардың ел алдындағы борышы мен жауапкершілік сезімін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Обновлено: 19.01.2026 15:02



