к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қарағанды академиясында екінші курс қыздарына арналған тағылымды тәрбие сағаты өтті

Пятница, 24 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында екінші курс қыздары үшін ерекше тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Бұл іс-шараны Тәрбие жұмысы бөлімі мен Академия мұражайының меңгерушісі Базылбекова Қанағат Еркебұланқызының бастамасымен өткізілді.

Кездесуге Академиямыздың құрметті ардагерлері — отставкадағы полиция полковнигі Оспанова Гульнара Слямжановна және отставкадағы полиция подполковнигі Марданова Мадина Рахимовна шақырылды. Олар болашақ офицерлермен өздерінің өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен бөлісті.

Кездесу барысында ардагерлер адалдық пен намыс, кәсіби мәдениет пен жауапкершілік, отансүйгіштік пен адамгершілік туралы тағылымды әңгіме өрбітті. Қыз курсанттар үшін бұл кездесу — тәрбие мен рухтың, офицерлік абырой мен әйел затының биік бейнесін ұштастырған үлгі сабағы болды.

Обновлено: 24.10.2025 09:21

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ