Қарағанды академиясында сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тәжірибелік сабақ өтті
Четверг, 30 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы, полиция майоры Ж.К. Оспанова «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру» пәні бойынша тәжірибелік сабақ өткізді.
Сабақ барысында курсанттар СДТТ-нің бірыңғай тізілімін (оқу нұсқасы) қолдануды үйреніп, процессуалдық шешімдерді қабылдау, тергеу әрекеттерін дұрыс рәсімдеу және іс жүргізу құжаттарын толтыру дағдыларын жетілдірді. Бұл тәжірибелік сабақтың мақсаты — болашақ тергеушілердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, құқықтық ойлау қабілетін дамыту және тергеу процесін тәжірибеге барынша жақындату.
Осындай тәжірибелік сабақтар курсанттарға нақты істермен жұмыс істеу, заң нормаларын іс жүзінде қолдану және жауапты шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл сабақтар курсанттардың теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға және құқық қорғау саласында қажетті дағдыларды меңгеруге бағытталған.
Обновлено: 30.10.2025 11:50



