Қарағанды академиясында талапкерлерге арналған психологиялық тренинг
Пятница, 25 июля 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында талапкерлер үшін танымдық-психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Бұл тренингті Академияның тәжірибелі психологі, полиция майоры Анастасия Епишко өткізді. Ол қатысушыларды бір-бірімен жақын танысуға, ашық коммуникация орнатуға және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулармен қамтыды. Тренинг барысында талапкерлер өздерінің ішкі сенімділіктерін арттыруға және қобалжуды жеңудің тиімді әдістерін меңгеруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, олар бір-бірімен еркін араласып, жаңа ортаға тез бейімделу жолдарын үйренді. Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы талапкерлерге тек кәсіби білім берумен шектелмей, психологиялық қолдау көрсетуге де ерекше назар аударады.