Қарағанды облысында Республика күні салтанатты түрде аталып өтті
Суббота, 25 октября 2025

Қарағанды облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті. Облыс орталығында Ту тұғырнамасы маңында өткен мерекелік шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, қоғам және мемлекет қайраткерлері, әскери қызметшілер мен ардагерлермен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылығы мен курсанттары да қатысты.
Жиналған жұрт бір мезетте мемлекеттік әнұранды орындап, ел рухын айшықтады. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев тұрғындарды мерекемен құттықтап, Республика күнінің ел тарихындағы маңыздылығын атап өтті.
Обновлено: 25.10.2025 14:50



