к. Караганды, Ермеков, 124

Казахский

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қарағандыда Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Вторник, 16 декабря 2025

Бүгін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Қазақстан бокс федерациясы және Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырған ауқымды шараға Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Амангелдіұлы Биекенов бокстан Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған 41-ші халықаралық турнирге құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Ұйымдастырушылардың жоғары дайындығымен өтіп жатқан бұл дәстүрлі дода – тарихқа тағзым етудің және салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын үлгісі болып табылады.

Турнир барысында Нұрлан Амангелдіұлы былғары қолғап шеберлеріне сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын насихаттаудың және отандық спортты дамытудың маңыздылығына тоқталды. Халықаралық деңгейде өтіп жатқан жарыс Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында жалғасуда.

Барлық қатысушыларға жеңіс пен жігер тілейміз!

Обновлено: 16.12.2025 22:34

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ