к. Караганды, Ермеков, 124

flag

ҚАЗ

Call-орталығы

1414

Сенім телефоны

+ 7 (7212) 30-36-66

Қабылдау комиссиясы

+7 (7212) 30-33-64

г. Караганда, Ермекова, 124

Call-орталығы 1414

Қару қолдану дағдыларын жетілдіру бойынша сабақ

Пятница, 17 октября 2025

Қазақстан Республикасы ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының қызметкерлері үшін Әскери және тактика-арнайы даярлық кафедрасының оқытушылары атыс даярлығы бойынша арнайы сабақ өткізді.

Сабақ барысында қызметкерлер қаруды қолданудың қауіпсіздік талаптарымен жан-жақты танысып, нысана көздеу мен дәл ату дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды. Мұндай тәжірибелік сабақтар қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға, құқық қорғау қызметіндегі жауапкершілік пен тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Атыс даярлығы бойынша сабақтар қызметкерлердің қаруды дұрыс және қауіпсіз қолдану қабілетін дамытып, олардың кәсіби міндеттерін орындау барысында қажетті дағдыларды қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл сабақтар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өз міндеттерін тиімді орындауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі.

Обновлено: 17.10.2025 16:19

ИРБИС система автоматизации библиоте
Дистанционное обучение
Лекториум
Результаты тестирования ЕНТ